Қазақстандықтардың 250 миллион теңгесі шетелден қайтарылды

Қаракөз Амантай 02 там. 2024 11:00 2962

Қазақстандықтардан қаржы пирамидасына криптоактивтер арқылы заңсыз тартылған 250 млн теңге шетелден қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, әлемдік тәжірибеде мұндай нәтижеге бірнеше ел ғана қол жеткізген. ТМД кеңістігінде алғашқы болып Қазақстан криптоактивтер арқылы заңсыз тартылған ақшаны қайтарды.   

"Агенттік заманауи IT-құралдарды пайдалана отырып, 2,5 ай ішінде қазақстандықтардың қаражатын криптовалютаға тартқан «Eolus» жоғары технологиялық қаржы пирамидасын жойды. Еліміздің 12 өңірінде (Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Көкшетау, Жетісу, Түркістан) 2,5 мыңға жуық салымшы тартылды. Елордалық ұйымдастырушы мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады ҚМА.  

Қазақстандықтардың қаржысын кедергісіз иемдену үшін пирамидыны ұйымдастырушылар көптеген транзиттік крипто әмиянды пайдаланған.

"Агенттіктің қызметкерлері заманауи блокчейн-аналитиканың құралдардын пайдалана отырып, барлық транзакцияны анықтап, қылмыстық кірістер ағылған негізгі әмияндарды тапты. Ұрланған қаражат Агенттіктің арнайы шотына аударылып, одан әрі жәбірленуші азаматтарға келтірілген залалды өтеу үшін пайдаланылады", - деп хабарлады агенттік.  

ҚМА қылмыстық активтерді қайтару және басқа да алаяқтық жобалар бойынша осы практиканы қолдануды жоспарлап отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар