Дәстүрлі түрде, 21-25 наурыз аралығында қазақстандықтар арасында ең танымал демалыс түрлерінің бірі кино тамашалау болды. Иви онлайн кинотеатры демалыс күндері көрермендердің жиі қараған фильмдерінің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Зимородок» түрік драмасы осы жолы рекорд орнатты. Қазақстандықтардың бұл кино картинаға деген қызығушылығы бірнеше жылдан бері басылар емес. Бай отбасында өскен, ішкені алдында ішпегені артында, ерке әрі сымбатты Фериттің оқиғасы осы наурызда Қазақстанда қаралымдар бойынша бірінші орынға шықты.
Қаралым бойынша Қазақстандық Топ-5-ке «Давайте съедем», Coco&Janbo, «Батыр из прошлого», «Бесконечная свадьба» және «Жол» комедиялары енді.
Ресей киносы да қазақстандықтардың шынайы қызығушылығын тудырады. Біздің көрермендердің сүйікті фильмдері қатарында, «Холоп 2», «Конец славы», «Чебурашка» және «Невский», «Инспектор Гаврилов» телехикаялары бар.
Түрік телехикаялары әлі де Қазақстандағы ең танымал бағыттардың қатарында. Көш басында атақты «Великолепный век», «Запах клубники», «Клюквенный щербет» және «Постучись в мою дверь» телехикаялары көрерменнің көз айымы.
Наурыз күндері қазақстандықтар арасында танымал шетелдік фильмдер рейтингін америкалық «Из глубины» триллері, итальяндық «Большая гонка. Ауди против Лянчи» спорт хикаясы, қытайлық «Миссия в Москве», француздық «Догмен» триллері және оңтүстік кореялық «Армия мертвых в Пусане» кинокартинасы құрады.
Иви өкілдері мереке күндері комедиялық жанрды көру ұзақтығының үлесі 7,55% - ға дейін, ал комедия көрушілердің саны 11,50% - ға дейін артқанын атап өтті. Бұл ретте мереке күндері Иви сервисін пайдаланудың орташа тәуліктік жалпы ұзақтығы 11,37% - ға өскен.
"Жыл сайын біз көктемгі Наурыз мерекесін Қазақстандағы көрермендерімізбен бөлісуге қуаныштымыз. Біз Иви каталогын әлемнің түкпір — түкпірінен ең қызықты контентпен және фильмдермен толықтыруды жалғастырамыз және қазақстандық кино платформада көбірек болады", — деп атап өтті Иван Гринин, Иви онлайн-кинотеатры директорының контент жөніндегі орынбасары.