Қазақстандықтар енді Қатарда ресми түрде еңбек ете алады

Сағыныш Сардарова 09 қаз. 2025 10:58

Қазақстандықтар енді Қатарда ресми түрде еңбек ете алады. Сенат екі ел арасындағы қазақстандық азаматтарды Қатар мемлекетінде жұмысқа орналастыру тәртібін реттейтін келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл құжат қазақстандықтарға шетелде заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, екі тараптың өзара міндеттемелерін белгілейді.

Келісімге сәйкес Қатардағы жұмыс берушілер қызметкерлердің жол жүру және елге қайту шығындарын өз мойнына алады. Сондай-ақ, оларды тұрғын үймен, көлікпен, медициналық сақтандырумен және ақылы демалыспен қамтамасыз етуге тиіс.

Құжатта еңбек шарттарының талаптары мен тараптар арасындағы іс-қимылды үйлестіру тетіктері қарастырылған. Сонымен қатар, туындайтын мәселелерді шешу үшін бірлескен комитет құру жоспарланып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар