Қазақстандықтар банкоматтан бір жылда 27,3 трлн теңге шешіп алған

Қаракөз Амантай 17 ақп. 2026 17:45

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының дерегіне сүйенсек, 2025 жылы ел тұрғындары банкоматтар арқылы 27,3 трлн теңге қолма-қол ақша алған. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 8%-ға жоғары, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бір жыл ішінде банк карталары арқылы жасалатын қолма-қолсыз төлемдер 13%-ға өсіп, 186 трлн теңгеге жетті. Дегенмен олардың жалпы төлемдердегі үлесі көп өзгермей, небәрі 86,7%-дан 87,2%-ға ғана артқан. Сарапшылар мұны ірі қалаларда қолма-қолсыз төлемдердің кеңінен таралып, нарықтың біршама қаныққанымен және кейбір есеп айырысулардың әлі де қолма-қол жасалатынымен түсіндіреді.

Сонымен қатар айналымдағы қолма-қол ақша көлемі де көбейіп, 4,7 трлн теңгеге жетті. Бұл бір жылда 8,6%-ға өскенін көрсетеді. Яғни цифрлық төлемдер дамығанымен, қолма-қол ақша әлі де күнделікті қолданыстан толық шыққан жоқ.

Сондай-ақ қолма-қолсыз төлемдердің құрылымы да біртіндеп өзгеріп жатыр. QR арқылы төлеу үлесі 9,8%-дан 10,3%-ға дейін өскен. Ал POS-терминал арқылы жасалатын төлемдер айтарлықтай өзгермей, 9,5%-дан 9,6%-ға ғана көтерілген. Интернет арқылы төлеу бұрынғыдай негізгі үлесті сақтап отыр, бірақ оның үлесі 80,7%-дан 80%-ға сәл төмендеген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove