Еуропалық одақ Ресейге қарсы 19-блок антиресейлік санкцияларды бекітті, оған қазақстандық ВТБ банкі де кірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Санкциялық тізімге енген банктер үшін бұл шешім Еуропалық одақ елдеріндегі контрагенттермен кез келген есеп айырысуға тыйым салуды білдіреді.
Мұндай қадам олардың еуро мен доллар арқылы халықаралық операцияларға қатысу мүмкіндігін едәуір шектейді.
Банкке қатысты санкциялар осы жылдың 2 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
