Қазақстандық авиация инженері, отставкадағы әскери офицер Дәулет Жұмабеков Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың есебіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жұмабеков Қазақстанның көлік министрлігі жариялаған ұшақ апаты жөніндегі есепті "тура күткендегідей: барынша бейтарап" деп сипаттады.
"Тіпті алдын ала есепті белгіленген мерзімнен неліктен кештеу жариялағаны да түсініксіз. Бәлкім, Әзербайжан мен Ресей арасындағы келіспеушілікке байланысты болар, тұжырымдарды келіскен шығар. Ең бастысы расталды: апатқа сыртқы әсер себеп болған. Ал тергеуіміз нақты кінәліні анықтауға тиіс емес" деді Жұмабеков "Азаттыққа".
Еске салайық, күні кеше Көлік министрлігі апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты алдын ала есепті жариялаған болатын.
Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағымен болған оқиғаны тергеу туралы алдын ала есеп Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
Есеп 53 беттен тұрады.
Министрлік жария еткен алдын ала есепте авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияның мәліметтері жазылған. Бұл алдын ала жазылған ақпарат, барлық материал зерттеу нәтижелері бойынша нақтылануы және толықтырылуы мүмкін. Жұмыс аяқталғаннан кейін авиациялық оқиғаны тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті есеп дайындалады.
Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала қорытындысы бойынша:
- Экипаж екі соққы болғанын сезген (05:13:31 және 05:13:56), содан кейін басқару жүйесінде ақаулар басталды. Стюардессалар капитанға: «Екі орын жарылып кетті, мен оларға көтеріле алмаймын, өйткені жолаушылар орнынан тұрып кетті, мен оларды қайта отырғызып жатырмын» деп хабарлады.
- Ұшқыштар Грозный диспетчерлеріне басқару құралдарының істен шыққанын және салонға құстарға соғылғанын хабарлаған.
- Экипаж Минеральные Водыға, содан кейін Махачкалаға қону шарттарын сұрады, содан кейін олар Бакуге оралуды шешті. Бірақ содан кейін экипаж тағы да ойын өзгертіп, ауа райы қолайлы болған Ақтауға барады.
- Экипаж Ақтау әуежайының мұнарасымен байланысқан кезде халықаралық апат сигналын береді.
- Сағат 06:27-де ұшақ жерге соқтығысты.
Алдын ала есепте апаттың себептері туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Сондай-ақ, гидравликалық жүйелердің зақымдануы туралы айтылады, олар "әуе кемесінің компоненттеріне енген сыртқы заттардан болуы мүмкін".