Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты алдын ала есепте оқиғаның қалай өрбігені туралы айтылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
10:47 – Ақтау мұнарасы Ростов диспетчерлік пунктінен әуе кемесінің құспен соқтығысқаны және Ақтау әуежайына шұғыл қонуға бет алғаны туралы ақпарат алды. Орындалуы тиіс қону уақыты – 11:16.
11:02 – Ақтау әуежайының барлық техникасы мен авариялық-құтқару тобының бір бөлігіН-24 квадратына жиналды.
11:03 – Үш техника, жедел әрекет ету УАЗ көлігі және әскери өрт сөндіру машинасы жедел дайындық үшін позициясын алды.
11:21 – Қызметкерлер ұшақтың кенеттен көтеріліп, қайта төмендегенін байқады.
11:25 – Әуе кемесі әуежай аумағынан көзден таса болды, ал 11:28-де РП (радио пункт) Сайын ауылы маңында ұшақтың құлағанын хабарлады.
11:35 – Қызметкерлер апат орнына жетіп, ұшақтың артқы (құйрық) бөлігін тапты. Сол жерде азаматтық адамдар жолаушыларды эвакуациялап жатты. Ұшақтың алдыңғы бөлігі шамамен 300-350 метр қашықта жанып жатты.
Айта кетейік, Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағымен болған оқиғаны тергеу туралы алдын ала есеп Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ресми сайтындажарияланды.
Есеп 53 беттен тұрады.
Министрлік жария еткен алдын ала есепте авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияның мәліметтері жазылған. Бұл алдын ала жазылған ақпарат, барлық материал зерттеу нәтижелері бойынша нақтылануы және толықтырылуы мүмкін. Жұмыс аяқталғаннан кейін авиациялық оқиғаны тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті есеп дайындалады.
Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала қорытындысы бойынша:
- Экипаж екі соққы болғанын сезген (05:13:31 және 05:13:56), содан кейін басқару жүйесінде ақаулар басталды. Стюардессалар капитанға: «Екі орын жарылып кетті, мен оларға көтеріле алмаймын, өйткені жолаушылар орнынан тұрып кетті, мен оларды қайта отырғызып жатырмын» деп хабарлады.
- Ұшқыштар Грозный диспетчерлеріне басқару құралдарының істен шыққанын және салонға құстарға соғылғанын хабарлаған.
- Экипаж Минеральные Водыға, содан кейін Махачкалаға қону шарттарын сұрады, содан кейін олар Бакуге оралуды шешті. Бірақ содан кейін экипаж тағы да ойын өзгертіп, ауа райы қолайлы болған Ақтауға барады.
- Экипаж Ақтау әуежайының мұнарасымен байланысқан кезде халықаралық апат сигналын береді.
- Сағат 06:27-де ұшақ жерге соқтығысты.
Алдын ала есепте апаттың себептері туралы ешқандай мәлімет жоқ.
Сондай-ақ, гидравликалық жүйелердің зақымдануы туралы айтылады, олар "әуе кемесінің компоненттеріне енген сыртқы заттардан болуы мүмкін".