Қазақстанды Путиннің "құпия одақтасы" деп айыптаған Козловскаяның көксегені не?

Dalanews 21 сәу. 2023 02:11 1052

Украин заңгері Людмила Козловская жетекшілік ететін "Ашық диалог" қоры Ақ үйдің табалдырығын тоздырып жүр деп жазады Dala Inside.

Dala Inside Кремльмен шайқасып жатқан Киевке көмек көрсетуді сұрап Вашингтондағы беделді шенділермен келіссөз жүргізетін қор соңғы кездері Жаңа Қазақстанға шүйлігетін әдет тапқан.

Ақорда пен Киевтің арасы араз емес. Қазақ билігі Украинаның аумақтық тұтастығына сый-құрметпен қарайтынын әлденеше рет мәлімдеген.

Солай бола тұра соңғы уақта қор жетекшісі Людмила Козловскаяның риторикасы күрт өзгерген. Intelligenceonline.com мәліметіне сай украин заңгерінің қолында Тоқаевтың Путиннің "құпия одақтасы" екенін дәлелдейтін айғақтар бар. Ақорда Кремльге санкциядан айналып өтуге жәрдемдесіп жатыр.

DALA INSIDE дереккөзінің айтуы бойынша, Козловская 23 наурызда "Тоқаев пен Путиннің құпиясы: мұнай эмбаргосын айналып өту" деген тақырыпта көлемді баяндама әзірлеп, АҚШ-тың Әділет министрлігіне тапсырған.


Американың FARA (Foreign Agents Registration Act) "шетел агенттері" туралы заңының алгоритмі осыны талап етеді. Баяндаманың контексі – "Тоқаев Батыс пен Украинаны алдап соқты" дегенге саяды.

Бұған Мұхтар Әблязовтың қандай қатысы бар? Біздің топшылауымызша "Ашық диалог" қорын атышулы қазақстандық олигарх қаржыландырып отыруы мүмкін.

Мұндай ұйғарым жасауға бірнеше логикалық себеп бар: қордың ресми сайтындағы ақпарат түгелге дерлік Қазақстанға қатысты. "Тоқаевтың Путинге болысып отырғанын дәлелдейтін" баяндама жасап, оны АҚШ-тың құзырлы органына тапсырған Козловская осы іске "атсалысқан" Әблязовқа алғыс айтқан.

"Ашық диалогтың" Әблязовпен аффирленгеніне бұған дейін Батыстағы бірқатар тәуелсіз ұйымдар да назар аударған еді.

Dalainside Козловскаяның ресми Киевке қаншалықты қатысы барын алдағы уақытта анықтайды. Білеріміз, украин лоббисінің Колумбия округіндегі (District of Columbia) тірегі күшті, тілеулестері көп.

Ал Жаңа Қазақстанға тақым қысуға тура келеді: Әблязов пен Козловская тандемі күш біріктірген болса, Ресейдің одақтасына санкция салу мәселесі күн тәртібіне шығады. Ескі Қазақстанға күн бермеген олигарх Тоқаевтың "жеті жылында" да тыныш жатқысы жоқ.


Әблязов пен Козловскаяның арасындағы қарым-қатынастың тамыры тереңде жатыр, ол жайлы осыдан бірнеше жыл бұрын елдегі сарыжағал басылымдар жарыса жазған. DALA INSIDE бұған қатысты дақпырт пен қаңқу сөзден бойын аулақ ұстайды.

 

➡️  Dalainside Кәрім Мәсімовтің украиналық тағы бір Крупенко ханымның әрекетін әшкере қылған еді. Толық ақпарат сілтемеді:\

https://t.me/dalainside/1154

https://dalanews.kz/news/88447-satqaliev-tagy-da-zhazyq-zherde-surindi

 

https://dalanews.kz/news/88427-masimov-kepilmen-syrtqa-shyqsa-kudeba

https://dalanews.kz/news/88407-mektepterding-qurylysy-amanat-partiiasyn

https://dalanews.kz/aimak/88394-kozboiaushylyq-emes-naqty-is-kerek-da

https://dalanews.kz/del-qazir/88386-kudebaevtyng-qashuyna-qyrgyzdyng-robi

https://dalanews.kz/del-qazir/88380-vagner-sapyna-qosyldym-qazaqstan

 

https://dalanews.kz/news/88370-akim-orynbasary-bilim-granty-igerude

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар