«Қазақстанды гүлдендірген Елбасыға алғысымыз шексіз» – ШҚО металлургтері

Dalanews 05 шіл. 2020 14:31 786

Шығыс Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі «Қазмырыш» ЖШС-нің қызметкерлері тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен дамуы, әлем таныған мемлекетке айналуы үшін алғыс білдіреді.




«Қазмырыш» ЖШС-нің әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев атап өткендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында Қазақстан ең бейбітсүйгіш және көпұлтты мемлекетке айналды.

- Кеңес Одағы құлдыраған кезде ел тұрғындары одан әрі не болатынын білмей, болашаққа күдікпен қарады. Қиын кезде Нұрсұлтан Назарбаев елдің болашағы үшін жауапкершілік алып, өз бағдарламасын ұсынды. Ұстанған бағытының өнегелігі – адамдар бірден сеніп, қолдады.  Бұл әрбір саясаткердің қолынан келе бермейтін қасиет. Тұңғыш Президентіміз елімізді бір шаңырақтың астында достықта өмір сүруге барлық жағдай жасай білді, - дейді ол.

Осы кәсіпорынның қызметкері, балқытушысы Сабырбек Мәулетов та Нұрсұлтан Назарбаев туралы жылы пікірін былай жеткізді:

- Біз, металлургтер, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ерекше құрметпен қараймыз, өйткені оны өз әріптесіміз деп санаймыз. Ол экономикаға, әсіресе тау-кен металлургия саласына көп көңіл бөлуде. Осы уақыт аралығында біздің өндірісте барлық экологиялық және технологиялық талаптарға жауап беретін заманауи жабдықтар пайда болды. Барлық атқарған ісі мен бастамашыл саясатына шексіз алғыс айтамыз, – дейді металлург.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар