Қазақстандағы тіркелген автокөлік саны 6 миллионнан асты

Қазақстандағы тіркелген автокөлік саны 6 миллионнан асты
ЖИ: Dalanews

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 6 млн 25,9 мыңға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, маусым айында елімізде 167 878 көлік құралы есепке қойылған. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 13,7%-ға көп.

Жаңадан тіркелген көліктердің 87,4%-ын жеңіл автокөліктер құраса, 5,7%-ы жүк көліктері, ал 0,9%-ы автобустар болды.

Отын түріне қарай алғанда, Қазақстандағы автокөліктердің басым бөлігі – 81,1%-ы бензинмен жүреді. Дизель отынын пайдаланатын көліктердің үлесі 6,5%, гибридті көліктер – 6,7%, ал электр қуатымен жүретін көліктер – 1,7%. Сонымен қатар 5 851 көлік құралының қандай отын түрін пайдаланатыны туралы ақпарат көрсетілмеген.

Статистикаға сәйкес, автокөлік ең көп тіркелген өңірлер қатарында Алматы қаласы (733,3 мың көлік) мен Алматы облысы (646,3 мың көлік) көш бастап тұр.