2026–2027 оқу жылында Қазақстандағы бірқатар жоғары оқу орындарында білім алу құны айтарлықтай қымбат. Ашық дереккөздер мен университеттердің ресми сайттарындағы мәліметтерге сәйкес, елдегі ең қымбат оқу орны – Cardiff University KZ. Мұнда бір жылдық оқу ақысы 7 млн 648 мың теңге, деп хабарлайды dalanews.kz "Курсив" басылымына сілтеме жасап.
Екінші орында Coventry University KZ орналасқан. Бұл университетте бір жыл оқу үшін 7 млн 230 мың теңге төлеу қажет. Ал алғашқы үштікті Назарбаев Университеті түйіндеп тұр. Мұнда оқу ақысы 7 млн 170 мың теңге. Одан кейін De Montfort University KZ (5 млн 975 мың теңге) мен КИМЭП университеті (4 млн 896 мың 900 теңге) орналасқан.
Рейтингтің келесі сатыларында MNU (ҚазГЗУ) – 3 млн 300 мың теңге, Narxoz University – шамамен 3 млн 242 мың теңге, ALMAU – 2 млн 900 мың теңге, ҚБТУ – 2 млн 150 мың теңге және ALT University – 1 млн 900 мың теңге тұр.
Мемлекеттік университеттердің ішінде ең жоғары оқу ақысы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тіркелген. Мұнда орташа жылдық оқу құны 1 млн 800 мың теңге. SDU University – 1 млн 583 мың теңге, Тұран университеті – 1 млн 473 мың теңге, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – 1 млн 331 мың теңге, АУЭС – 1 млн 306 мың теңге деңгейінде.
Сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да орташа оқу ақысы 1 млн 217 мың теңге, Satbayev University-де – 1 млн 171 мың теңге, Жүргенов атындағы өнер академиясында – 1 млн 158 мың теңге, Абай атындағы ҚазҰПУ-да – 1 млн 70 мың теңге, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-да – 1 млн 42 мың теңге, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде – 1 млн теңге, ал Алматы технологиялық университетінде 920 мың теңге шамасында.
Айта кетейік, көрсетілген сома – университеттердің 2026–2027 оқу жылына арналған орташа немесе шартты жылдық оқу ақысы. Нақты баға таңдалған мамандыққа, оқу бағдарламасына және студенттің оқу курсына байланысты өзгеруі мүмкін.