Қазақстандағы шағын бизнес мемлекетке 273 млрд теңге қарыз

Көркем Алдабергенова 05 нау. 2026 11:59

Қазақстандағы шағын және микробизнес субъектілерінің салық бойынша берешегі 273 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенде» өткен семинарда Мемлекеттік кірістер комитетінің аудит департаменті қарыздармен жұмыс басқармасының басшысы Қайсар Арын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, жалпы алғанда қазақстандық кәсіпорындардың салық бойынша берешегі 1 трлн теңгеден асып кеткен. Соның ішінде шағын және микробизнес субъектілерінің қарызы 273 млрд теңгеге жеткен.

Қайсар Арынның сөзінше, бұл соманың 176 млрд теңгесі – негізгі салық қарызы, 90 млрд теңгесі – өсімпұл, ал шамамен 7 млрд теңгесі – айыппұл.

Сонымен қатар ол егер кәсіпкерлер ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін негізгі салық сомасын төлесе, онда өсімпұл мен айыппұл толықтай жойылатынын айтты.

Мемлекеттік кірістер комитеті салық берешегі бар салық төлеушілердің тізімін комитеттің ресми интернет-ресурсында жариялаған.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove