Қазақстандағы қылмысқа қатысы бар күдікті Испаниядан экстрадицияланды

Сағыныш Сардарова 01 ақп. 2024 15:15 2201


Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Испания корольдігінен қаржы пирамидасының қызметіне байланысты трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысқаны үшін күдіктіні экстрадициялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол 2016-2017 жылдар аралығында заңсыз материалдық пайда көру мақсатында басқа елдердегі адамдар тобымен "Questra Holding" компаниясын құрды деген күдікке ілінген.

Қылмыскерлер қаржы пирамидасын әртүрлі елдердің аумағында кедергісіз тарату мақсатында интернет желілерде салымшыларды көбірек тарту үшін компанияның ойдан шығарылған инвестициялық портфельдерін сату туралы ақпарат жарияланған веб-сайттар ашқан.

 


"Бұл топ 800-ден аса азаматты алдап, 1 миллиард теңгеден аса шығын келтірген. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілерге халықаралық іздестіру жарияланған", - деп жазылған ведомство хабарламасында.


 

2022 жылғы желтоқсанда Бас прокуратураның экстрадициялық сұрауы бойынша іздеудегілердің бірі Испания аумағында ұсталды. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Бұл қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар