MG (Morris Garages) бренді — тарихы үлкен, әлемге кеңінен танылған автомобиль маркаларының бірі. 1924 жылы Ұлыбританияда құрылған MG алғашқыда жеңіл әрі серпінді спорттық көліктер өндірушісі ретінде танылды. Ғасырға жуық уақыт ішінде бренд айрықша дизайн мен инженерлік дәлдікті ұштастыра білген марка ретінде бедел қалыптастырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бүгінде MG Қазақстандағы жетекші автокөлік өндіруші компания — Allur құрамында жаңа даму кезеңін бастан өткеріп жатыр. Заманауи MG үлгілері британдық мұраны озық технологиялармен үйлестіре отырып, ыңғайлы эргономика, цифрлық интерфейстер, заманауи қауіпсіздік жүйелері және жоғары деңгейдегі жайлылық ұсынады.
Қазақстандағы MG модельдік тізімі:
MG 5 — қалалық өмірге арналған сәнді әрі практикалық седан. Заманауи дизайны, кең салоны және үнемді қозғалтқышы күнделікті сапарларды жайлы әрі сенімді етеді.
Бағасы: 7 890 000 теңгеден басталады.
MG ZS — ықшам қалалық кроссовер. Маневрлігі, функционалдығы және технологиялық мүмкіндіктері үйлескен бұл модель белсенді өмір салты мен күнделікті жүріс-тұрысқа таптырмас таңдау.
Бағасы: 8 590 000 теңгеден басталады.
MG HS — кең әрі технологиялық тұрғыдан дамыған кроссовер. Айрықша дизайны мен кеңейтілген жабдықталуы арқылы жоғары деңгейдегі жайлылық, заманауи қауіпсіздік жүйелері және динамикалық сипаттамалар ұсынады.
Бағасы: 10 690 000 теңгеден басталады.
MG модельдерінің барлығына 5 жыл немесе 150 000 км жүріс кепілдігі беріледі.
