Қазақстандағы ең ірі İT инкубатор nFactorial School-дың жазғы мектебі қалай өтті? 

Dalanews 16 там. 2022 10:09 248

Алматыда 6 маусым мен 7 тамыз аралығында IT саласы Chevron компаниясының демеушілігімен бағдарламашыларға арналған nFactorial жазғы бағдарламалау лагерінің салтанатты жабылуы өтті.

Жас бағдарламашыларға арналған лагерь 10 аптаға созылды және жоба аясында қатысушылар елде бұрын соңды жасалмаған 100-ден астам бірегей веб-қосымшаны әзірледі.

Осы орайда Dalanews.kz порталының тілшісі nFactorial мектебінің бас менторы Айдар Нұғмановтан министр Мусиннің өзі жабылу салтанатына қатысқан жоба туралы сұрап білді.

Айдар мырза, 10 аптаға созылған жазғы лагерь ойдағыдай өтті ме? Алған әсеріңізбен бөліссеңіз.

– Инкубатор толығымен ойдағыдай өтті, тіпті күткенімізден де асып түсті. nFactorial командасы 10 жыл бойы жинаған тәжірибесін инкубаторда толығымен қолданды. Осы жылдың ерекшеліктерінің бірі – тәжірибеші-менторлардың санының жоғары болуы және қыздардың үлесінің басымдылығы.  Және де осы жылғы бағдарлама Chevron компаниясының демеушілігімен жоғары деңгейде өтті.



Қатысушылар 100-ден астам жобаларды әзірлеген, жасалған веб-қосымшалар әрі қарай іске қосылады ма?

–  Қатысушылардың 10 апта бойы негізгі мақсаты - веб қосымшаларды жасап үйрену болды. Біздің гипотезамыз бойынша оны үйренудің ең қысқа жолы - практикалы түрде веб қосымшалы жобаларды жасау. Яғни, жасалынған қосымшалар білім алу мақсатымен жасалынған болатын. Проекттердің болашақ тағдырын қатысушылардың өздері шешеді.



Жақсы, мұндай лагерьлер алдағы уақытта қаншалықты жиі өткізілетін болады?

– Инкубатордың жиілігі әзірше өзгертілусіз - жылына 1 рет, жазғы маусымда өткізілетін болады.

Келесі жылы лагерьге қатысушы IT мамандар  санын көбейтесіздер ме?

– Адам саны толығымен өтінімдердің сапасына, яғни, үміткерлердің деңгейіне байланысты.

Жазғы мектеп өз мәресіне жетті, енді алға қойған қандай жоспарларыңыз бар?

– Ендігі жоспарымыз әрі қарай nFactorial School-дың онлайн курстар бағытың дамытып - 10,000 бағдарламашы дайындау мақсатына қарай ұмтылу.



Тағы бір сұрақ, 180 қатысушы лагерьден алған тәжірибелерін енді қайда шыңдай алады?

– Біздің қатысушылар қазірдің өзінде әртүрлі Қазақстандық компаниялардан тағылымдамадан өтуге шақырулар алып жатыр.

Осы саланың сарапшысы ретінде, еліміздің  IT-саласын дамыту үшін мемлекет қандай шараларды қолға алуы тиіс деп ойлайсыз?

 – Интернетте бар бағдарамалауды үйрететін контентті қазақ тіліне түсінікті түрде аудару. Менің біліумше дәл қазір Бағдат Мусин басшылығымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Digital Nomads инициативты группасымен бірге бұл проектті жүзеге асыруда.

Финалда ең үздік 3 жеңімпаз өз жобаларын ұсынған екен. Аталған жобаларға тоқталып кетсеңіз.

 – Биылғы инкубатордың жеңімпазы, алтын медаль иегері Бауыржан Әбенов «Dombyra Tuner» веб-қосымшасын әзірледі. Қосымша жайлы айтып өтсек, «Dombyra Tuner»  қазақтың ұлттық аспаптарын күйге келтіруге көмектеседі. Жазбаны ноутбуктың жанында ойнатсаңыз Бауыржанның коды дыбысты компьютерге түсінікті жиілікке ауыстырады.

Ал келесі қатысушымыз күміс медаль иегері Әділ Жапар «TyperGod» web3-қосымшасын жасап шығарды. «TyperGod» web3-қосымшасы - жылдам терушілерге токендерді жинауға және бірегей NFT пернетақталарын сатып алуға мүмкіндік беретін web3 жобасы болып табылады.


Қола медаль иегері Бауыржан Тұрсынбек – «ChessBet» web3-қосымшасының негізін қалаушы. Егер сіз шахмат ойнағанды ұнатсаңыз, Chess.com сайтында шахматты ұтқан кезде крипто әмияныңызды толтыруға болады. Яғни ойын ойнау арқылы крипто жинай аласыз.



Бұл атап өткен қосымшалар ең үздігі, ал қалған nFactorial инкубаторында жасалған барлық қолданбаларды мына сілтеме бойынша көрулеріңізге болады https://n17r-board.vercel.app/ .

 Және тағы бір қызығы, жоба барысында қыздардың белсенділігі жігіттерге қарағанда әлдеқайда жоғары болған дейді. Сол рас па және рас болса қыздар қандай нәтиже көрсетті?

– Біз белсінділікті нақты өлшеген жоқпыз. Бірақ қыздардың басым көпшілігі бағдарламаға ұлдарға қарағанда көбірек жауапкершілікпен қарап, белсінділік танытқаны рас. Бағдарламаға қатысқан 27 қыз баланың ішінде 4-i финалға өтті, және 20-ға жуығы өз жобаларын бітіріп шықты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар