Қазақстандағы ең бай отбасы Құлыбаевтардың Еуропа мен елдегі сарайлары

Көркем Алдабергенова 14 мам. 2024 16:22 3488

Динара және Тимур Құлыбаевтардың Қазақстан мен Еуропада қандай сарайлары бары белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

«Азаттық радиосы» осы тақырып төңірегінде зерттеу жүргізген. Ең біріншісі – Құлыбаевтардың Испаниядағы «Ақ сарайлары». Ғимарат Барселонадан 80 шақырым жерде, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан қымбат мүлік. Құлыбаев оны Сингапурде тіркелген компания арқылы сатып алған.

Сонымен қатар, Тимур Құлыбаев Швейцария мен Женевадағы мүлік иесі. Үш қабат ты вилла 72 миллион долларға сатып алынған, жалпы аумағы 7960 шаршы метр.

Екіншісі – сырты таспен көмкерілген, Швейцарияның ұлттық маңызы бар мәдени мұрасы саналатын Бель Риф қамалы. Мүліктің 2020 жылғы бағасы 113 миллион доллар. Екі мүліктің де иесі Динара Құлыбаева.

Ал Лондондағы сарайларын Құлыбаев 2007 жылы Люксембургте тіркелген компаниясы арқылы сатып алған. Мүліктің сол кездегі құны – шамамен 30 миллион доллар. Бір қызығы бұл үйді Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета Эндрю Ханзаданың үйлену тойына сый ретінде берген. 

Ескі ғимаратты Тимур Құлыбаев 2016 жылы сүріп тастап, орнына жаңасын салуға кіріскен. Құрылыс әлі жүріп жатыр деген деректер бар.

Құлыбаевтардың кезекті сарайы – Чехияның курортты Карловы Вары аймағындағы бесқабатты тарихи ғимарат мемлекет қорғауындағы табиғи қорықта орналасқан. 2017 жылы құны 1,4 миллион доллар болған.

Құлыбаевтардың Қазақстанда да сарайлары бар. Мысалы Алматыдағы Президент саябағының жоғары жағында орналасқан үш мүлік Динара Құлыбаеваға тиесілі.

Құлыбаевтардың Астанада да зәулім сарайлары бар.

Суреттер: Азаттық Радиосынан


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар