Қазақстанда заңды некеге тұру сиреп барады: бұған не себеп?

Қаракөз Амантай 12 ақп. 2026 15:47

Кейінгі жылдары Қазақстанда некеге тұру көрсеткіші айтарлықтай төмендеп барады. 2025 жылдың алдын ала деректері бойынша, жалпы неке коэффициенті 5,62-ге дейін түсіп, Тәуелсіздік кезеңіндегі ең төмен деңгейге жетті. Бір жылдың ішінде көрсеткіш тағы да төмендеп, бұрынғы жылмен салыстырғанда 0,51 пунктке азайған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Data Hub дерегіне сүйенсек, 1991 жылдан бері неке көрсеткіші бірде өсіп, бірде төмендеп отырған. Ал кейінгі 12 жылда ол 4 пункттен аса азайып, қазір 1999 жылғы ең төмен деңгейге жақындады.

Мамандардың айтуынша, ел халқы көбейіп жатқанымен, тіркелген некелер саны керісінше азайып барады. 2025 жылы Қазақстанда 114,5 мың неке қиылған, бұл бір жыл бұрынғыдан 7 пайыз аз. Мұндай төмен көрсеткіш кейінгі 22 жылда алғаш рет тіркелді.

Дегенмен бұл жағдайды қазақстандықтардың "некеге мүлде қызығушылығы жоғалды" деп біржақты түсіндіруге болмайды.

Өйткені некенің басым бөлігі 18–39 жас аралығында қиылады, ал соңғы жылдары осы жастағы жастар саны азайған. Сонымен бірге жастардың отбасын кешірек құруы жиілеп, некеге тұру жасы шамамен бір жасқа ұлғайды. 

Бұған қоса, ресми тіркелмеген азаматтық және діни некелердің көбеюі де ресми статистикаға әсер етпей қоймайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove