Қазақстанда үш мың адам әскери жиынға шақырылады

Cағыныш Сардарова 10 сәу. 2026 11:16

Қорғаныс министрлігі 2026 жылы жиынға шақыру туралы бұйрық жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құжатқа сәйкес биыл үш мың азамат жиынға тартылады. Бұйрықтың орындалуын Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының басшылығы бақылайды.

Құжат 2026 жылғы 19 сәуірден бастап күшіне енеді.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" жарлыққа қол қойды.

Президент жарлығына сәйкес 17 наурыздан бастап қалалық және аудандық шақыру комиссиялары азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove