Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы үш жылда Қазақстанда 300-ден астам маңызды заң қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында қазіргі депутаттық корпус ел тарихындағы ауқымды реформалардың бастауында тұрғанын атап өтті.
«Тек соңғы үш жылдың өзінде 300-ден астам аса маңызды заң қабылданды. Олардың қатарында тарихи маңызы бар конституциялық заңдар мен кодекстер бар. Бұл құжаттар еліміздің одан әрі дамуына берік құқықтық негіз қалады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, қазіргі шақырылым депутаттары ел дамуының ең күрделі әрі шешуші кезеңдерінің бірінде қызмет атқарды.
«Қазіргі депутаттық корпус еліміздің дамуындағы ең күрделі әрі шешуші кезеңде жұмыс істеді. Сіздер ауқымды өзгерістердің бастауында тұрдыңыздар. Қазақстан экономиканы ғана емес, қоғамдық құндылықтар жүйесін де қамтыған жан-жақты жаңғыру жолына түсті. Осындай ауқымды реформаларды жүзеге асыру Парламент үшін үлкен мәртебе ғана емес, зор жауапкершілік болды», – деді Мемлекет басшысы.