Алдағы уақытта ҰБТ бір реттік форматқа өтеді, ал педагогикалық мамандықтарға ойлау қабілетін тексеретін емтихандар енгізіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жоғары оқу орындарына қабылдау жүйесінде елеулі өзгерістер болатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жүйе кезең-кезеңімен жаңартылмақ.
2027 жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде ҰБТ-мен қатар міндетті ауызша емтихандар енгізіледі. Негізгі назар тек білім деңгейіне емес, талапкерлердің сыни ойлауына, талдау қабілетіне және қарым-қатынас дағдыларына аударылады.
Осы мақсатта Admissions Insight Test атты жаңа халықаралық тест әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, грант конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ны бір реттік әрі шешуші форматқа көшіру жоспарланған.