Қазақстанда тұратын этностар мемлекет құрушы ұлтты құрметтеу керек

Dalanews 01 нау. 2019 13:32 792

Максим Споткай Керекудің тумасы. "Нұр медиа" холдингі директорының орынбасары. Қоғам белсендісі. Қазақшаға судай. Сол Мәкең бүгінгі Алғыс айту күнінде: "Қазаққа алғыс айтайық! Кезінде бас сауғалап келген бабаларымыздың аруағы риза болсын", – деп қойып қалыпты. 

Бес жарым ғасыр бұрын Ұлы далада тоғысқан көп ру мен тайпа бір хандықта бірікті.

Қазір ассимиляцияның екінші кезеңі басталуда. Ортақ тарихи тағдырымыз бiрiктiрген біздер, көп этнос болып құралып, қазақ ұлтымен бір халық болдық. Ал бүгін қазақтың тілі мен менталитетінің негізінде бір Қазақ ұлты болып қалыптасудамыз.

На данном изображении может находиться: 2 человека, люди улыбаются

 

Қазақстанда тұратын этностар үшін мемлекетті құрушы ұлтқа ризашылықпен қарау, тілін, ділін құрметтеу – қоғамдық келісімнің түп негізі болмақ.



Кезінде қазақ халқы қуғын-сүргін құрбандары мен тылға келген бабаларымызды құшақ жая қарсы алды. Сол кезде қазақтың өзінде де ашаршылық пен репресия кезеңі болғанын, соған қарамастан ас-суымен бөліскенін ұмытуға болмайды.

Сондықтан ата-бабаларымыздың өмірін сақтап қалған, қиын-қыстау заманда бауыр болған қазаққа шын ниетпен алғыс айтсақ, сол бабаларымыздың аруақтары бір аунап, бізге де риза болады деп сенемін.
Сол үшін де қазақ халқына мың алғыс айтамын!

Жалпы әрбіріміз үшін алғыс айтуға себеп көп. Ең алдымен әкелеріміз бен аналарымызға, дос пен бауырға, әрбір тілекші жанға мың алғыс болсын!


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар