Көз іші қатерлі ісігі- ретинобластоманы емдеудің органсақтаушы әдісін енгізу, яғни бұл отаны жасау балалардың көздерін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Операцияның ерекшелігі де осында.
Шеберлік-сыныбын өткізуге және ретинобласто-көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан төрт балаға СИАХТ операциясын жасау үшін Ресейден Н.Н.Блохин атындағы Онкологиялық ұлттық медициналық зерттеу орталығының (Мәскеу қ.) дәрігерлері – ангиохирург И.А.Трофимов және анестезиолог Л.А.Мартынов арнайы шақырылды. Шараға шеберлік-сыныбының тыңдаушылары ретінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен онколог дәрігерлер, педиатрлар мен офтальмологтар қатысады.
Балаларда кездесетін көз іші ісігінің арасындаретинобластома 90%-дықұрайды және жоғары қатерлілігімен сипатталады. Жыл сайын әлемде ретинобластоманың 8100 жаңа жағдайы анықталады, оның ішінде 570-810 жағдай нәрестелерде. Ретинобластома көз алмасының бәрін ісік тіндерімен басып, көру жүйкесіне, көз ұясына, бас миына өсіп шығатын агрессивті барысымен сипатталады. Ісік тек көру қабілетінен айыру түрінде ғана қауіп төндіріп қоймайды, сонымен қатар метастаздың және басқа органдарда да екінші қатерлі ісіктің дамуы салдарынан өлім-жітімнің жоғарылығы түрінде де қауіпті.
Қазақстан Республикасында 2016 жылдан бері ретинобластома диагнозымен анықталған барлық балалар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында ем алады.
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты осы аталған технологияны Қазақстан Республикасында енгізуге бастама көтеріп отыр. Сонымен қатар, оны кепілді көлемдегі тегін медициналық көмекке қосуға ұсынуда. СИАХТ әдісі және басқа да емдеудің органсақтаушы әдістері енгізілген «Балалардағы ретинобластома» клиникалық хаттамасы қайта қарауға әзірленді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткеннен кейін СИАХТ әдісі балалар онкологиялық қызметі мен интервенциялық хирургия шоғырландырылған және ретинобластомаға шалдыққан барлық балаларға негізгі ем жасалынатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының практикасына енгізілетін болады.
Көз іші қатерлі ісігі- ретинобластоманы емдеудің органсақтаушы әдісін енгізу және дамыту Қазақстан азаматтарының өз отанында анатомиялық және функционалдық орган ретінде көздерін сақтай отырып жоғары мамандандырылған тегін көмек алуына мүмкіндік береді.