Қазақстанда TikTok желісі бұғаттала ма? — Министр жауап берді

Қаракөз Амантай 23 сәу. 2025 12:42 918

TikTok желісін бұғаттау мәселесі күн тәртібінде жоқ. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, TikTok компаниясының өкілдерімен тығыз жұмыс жүріп жатыр. Платформа Қазақстан заңнамасына сәйкес талаптарды орындауға келісіп, заңсыз контентті жою бойынша міндеттеме алған.

“Бұрын желіде заңсыз контенттің саны күрт артқан. Бұл мәселені TikTok-пен бірлесе шешу барысында техникалық қиындықтар болды. Алайда қазіргі таңда мұндай мазмұндағы бейнелер 80 пайызға қысқарды”, — деді Аида Балаева.

Министр TikTok-ты бұғаттау мәселесі қолданушылардың өзіне байланысты екенін де ескертті.

“Егер желіде заңсыз, шындыққа жанаспайтын әрі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін контент көбейсе, платформаны бұғаттау мәселесі қаралуы мүмкін”, — деді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар