Қазақстанда соңғы 12 жылда алғаш рет жекеменшік банк еврооблигациялар шығарды

Кәмшат Тілеухан 29 қаң. 2025 13:44 892

ForteBank Wiener Börse AG және AIX биржаларына 400 млн АҚШ долларына бес жылдық еурооблигацияларды сәтті орналастырды. Инвесторлар қызығушылығы күтілген жағдайдан да жоғары болып шықты. Халықаралық рейтинг агенттіктері оған мынандай шығарылым рейтингін тағайындады: Fitch (BB)/Moody's (Ba3). Шығарылым ⁠купоны 7,75%-ды құрайды, деп жазады Dalanews.kz.
 
Бұл соңғы 12 жылдағы қазақстандық жеке банктердің еурооблигацияларының алғашқы шығарылымы, ал Forte үшін тұңғыш шығарылым. Банк баспасөз қызметі қаражат экономикамыздың нақты секторын несиелеу және банктің басқа да стратегиялық бастамаларын қолдау үшін жұмсалатынын нақтылайды.
"Процеске барлығы 90 инвестор қатысты, олардың басым бөлігі АҚШ-тан (34%), Ұлыбританиядан (30%) және Еуропаның басқа елдерінен (25%) болды", делінген банк хабарламасында.
 
Бұған дейін сайтымызда  "2024 жылы шетелде жүрген қазақстандықтар өз шоттарынан 3,6 трлн теңге шешіп алған" деген материал жарияланған болатын. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар