Қазақстанда шенеуніктердің жалақысы қанша?

Сағыныш Сардарова 20 қар. 2025 09:19

Қазақстанның ең жасы үлкен және ең жас шенеуніктері кімдер, олардың жалақысы қанша? ranking.kz сарапшылары сараптап көрді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еліміздегі ең жасы үлкен шенеуніктер қанша жалақы алады?

Сарапшылардың айтуынша, бұл олардың лауазымы мен жұмыс өтіліне байланысты. Ұлттық статистика бюросының жинағындағы мәліметтерге сай былтыр облыс әкімінің орташа атаулы жалақысы шамамен 1,7 млн теңге болған. Бұл - үстеме ақы, сыйлықақы мен басқа да қосымша төлемдер ескерілмегендегі базалық сома. Министрлер мен олардың орынбасарлары аймақтардың басшыларына қарағанда азырақ жалақы алады: 1,5 млн теңге.

Сонымен жалақы мөлшері мынадай:

Ең жас шенеуніктердің табысы қанша?

Вице-министрлер деңгейіндегі лауазымдарды атқаратындардың базалық жалақысы егде жастағы министрлер мен олардың орынбасарларының жалақысымен бірдей: 2024 жылы 1,5 млн теңге болған. Дегенмен алатын жиынтық сома азырақ болуы мүмкін, өйткені жұмыс өтілі көп және мемлекеттік наградалары бар мемлекеттік қызметшілердің қосымша төлемдері көбірек болады. Облыс орталықтарының жас әкімдері министрлердің орынбасарларына қарағанда еке еседей аз алады: 836,9 мың теңге.

Жас шенеуніктердің жалақысы мынадай:


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар