Қазақстанда рубльді айырбастай алмағанын айтқан ресейлік әйел желіде шағымданды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол рубльді теңгеге айырбастай алмағанын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Әйел Kaspi бөлімшесіне барып, рубльді айырбастамақ болған. Алайда оған банк бұл валютамен жұмыс істемейтіні айтылған. Кейін ол CenterCredit банкіне жүгініп, рубльді теңгеге айырбастағанын айтқан.
Оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Кейбіреулер "рубльді қабылдамау қалыпты жағдай" деп бағаласа, енді бірі Ресейдің шекаралас өңірлерінде теңгенің де барлық жерде қабылдана бермейтінін алға тартты.
"Ұнамаса, келмей-ақ қойсын. Ал келген екен, елдің тәртібін құрметтеп, талаптарын қабылдауы керек. Өз құқығын өз елінде талап етсін. Мұнда олардың ешқандай ерекше құқығы жоқ. Мұны жақсылап түсініп алған жөн", "Біз ешкімнің рублін қабылдауға міндетті емеспіз. Айырбастап бергеніне рақмет айтуы керек".