Қазгидромет қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазанның басы
Қазанның басында Қазақстанның басым бөлігінде түнгі уақытта ауа температурасы -1-6°С, күндіз +2+9°С болады.
Бірақ бірінші онкүндіктің екінші жартысында Орталық Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массалары ығысуына байланысты түнгі және күндізгі ауа температурасы жоғарылайды:
- елдің батысында түнде +7+12°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-қа дейін;
- солтүстігінде, шығысында түнде +2+8°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-қа дейін;
- республиканың шығысында түнде +2+7°С-қа дейін, күндіз +15+23°С-қа дейін;
- оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +5+12°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-қа дейін.
Онкүндіктің соңында Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында ауа температурасы шамалы төмендейді.
Қазанның ортасы
Екінші онкүндікте елдің басым бөлігінде қайтадан күн жылынады, ауа температурасы күндіз +13+18°С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +22+27°С-қа дейін жылынады.
Қазанның аяғы
Үшінші онкүндікте ауа температурасы төмендейді. Түнде ауа температурасы -1-6°С-қа дейін, елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде -7-12°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін төмендейді. Елдің оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде -1-6°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +13+20°С-қа дейін ауытқиды.
Осылайша суық ауа райынан басталған қазан айы бірінші және екінші онкүндіктің ортасында шуақты күндерімен қуантады, бірақ айдың аяғында қыстың жақындағанын еске салады.
Бір ай ішінде тұрақсыз ауа райы болжанып отыр, тұман, көктайғақ болып, жел соғады.