Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа қарсы форум өтеді

Қаракөз Амантай 30 нау. 2026 15:28

Астанада қаржы секторындағы және цифрлық ортадағы алаяқтыққа қарсы іс-қимылға арналған салалық алаң – AntiFraud Forum Kazakhstan шарасы өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оған банктердің топ-менеджерлері, қаржы технологиясы компанияларының, реттеуші органдардың өкілдері және киберқауіпсіздік сарапшылары қатысады. Талқыланатын негізгі тақырыптар – қаржы институттарының шабуылдарға төзімділігі, антифрод-технологияларды енгізу және салааралық ынтымақтастықты дамыту.

Қатысушылар нақты кейстерді, тәуекелдерді басқару тәсілдерін, сондай-ақ күмәнді операцияларды анықтауда деректер мен талдаудың рөлін қарастырады.

Бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылға және алаяқтыққа қарсы бірыңғай жүйе қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Аталған алаң қаржы қызметтеріне деген сенімді арттыруға және тұтынушыларды қорғауға бағытталған нақты шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove