Қазақстанда пәтер қанша тұрады?

Қаракөз Амантай 09 қаң. 2026 16:38

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы тұрғын үй нарығында қандай өзгерістер болғанын мәліидеді. Желтоқсан айындағы көрсеткішке сәйкес, ең жоғары өсім жалға беру нарығы мен екінші деңгейлі тұрғын үйде байқалса, жаңа пәтерлердің қымбаттауы салыстырмалы түрде баяулаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңа тұрғын үйлердің бағасы желтоқсанда бір айда орта есеппен 0,4 пайызға артса, екінші деңгейлі тұрғын үйлер 1,2 пайызға, ал жалға берілетін баспана 2,1 пайызға қымбаттаған.

Жылдық есепте жаңа тұрғын үйлердің бағасы ел бойынша 15,7 пайызға өсті. Ең жоғары өсім Қонаев пен Павлодар қалаларында байқалды. Алматы мен Астанада да баға айтарлықтай көтерілген.

Желтоқсан айының қорытындысы бойынша жаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрі орта есеппен 571 мың теңге болса, екінші нарықта бұл көрсеткіш 594,7 мың теңгеге жетті. Ең қымбат тұрғын үйлер Алматы мен Астанада тіркелген.

Жалға беру нарығында бір шаршы метрдің орташа құны 5024 теңгені құрады. Ең жоғары жалдау ақысы Алматы мен Астанада, ал ең қолжетімді баға Тараз бен Түркістан қалаларында байқалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар