Енді Қазақстандағы компаниялар ішкі тасымалдауда тауарларды теміржолмен жеткізу үшін кеткен шығынның жартысын ала алады. Максималды өтемақы – 10 000 АЕК, яғни шамамен 43,25 млн теңге. Бұған дейін ішкі тасымалдау үшін мұндай өтемақы қарастырылмаған еді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Өтемақы тек Қазақстанда өндірілген өңделген тауарларға беріледі.
Сонымен қатар халықаралық сертификат алу шығыны да көбейді. Бұрын 3 000 АЕК болса, қазір 15 000 АЕК-ке дейін өтеледі (шамамен 65 млн теңге). Халықаралық сертификаты бар компаниялар трансұлттық корпорациялардың сатып алуларына қатыса алады.
Еңбек өнімділігін қолдау талаптары да жеңілдетілді. Жыл сайынғы салық төлемінің өсуі шарты енді жеті жылдан кем жұмыс істеп келе жатқан компанияларға қолданылмайды.
