Қазақстанда мұғалімді балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейді

Қазақстанда мұғалімді балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейді
жи: dalanews

Шығыс Қазақстан облысында 17 жастағы оқушы сабақ үстінде сынып жетекшісін балағаттағаны үшін 30 275 теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға 19 қазанда Марқакөл ауданында болған. Жасөспірім сыныптастарының көзінше мұғалімге дөрекі сөздер айтып, ар-намысына тиген. Осы жағдайға байланысты іс сотқа жеткен. Сот оқушының әрекетін ұсақ бұзақылық деп таныды.

Сот отырысында жасөспірім кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізген. Сондай-ақ сынып жетекшісінен кешірім сұраған.