Ғылым және жоғары білім министрлігіндегілер Қазнетте гранттарды сату туралы хабарландыруларды жалған деп атады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки гранттардың тек ҰБТ нәтижелері бойынша қатаң түрде бөлінетінін еске салды.
“Егер нақты факт болса, біз тексеруге дайынбыз. Ал интернет кеңістігінде түрлі хабарландырулардың болуы – олардың көпшілігі жалған болуы мүмкін екенін білесіздер, және бұл мұқият тексеруді қажет етеді”, – деп қосты ол.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ҰБТ-ның алғашқы кезеңі басталды. Кейін тестілеу көктемде өтеді, ал соңғы кезең, яғни гранттар бөлінетін нәтижелер бойынша, маусым айында болады.