Қазақстанда коммуналдық қызметтер тарифтері арзандады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қарашада айлық инфляция деңгейі 0,8% болған.
Коммуналдық қызметтер саласында тарифтер төмендеді: салқын судың бағасы 7,1%-ға, су бұру қызметі 6,2%-ға, орталықтандырылған жылыту 4,9%-ға, электр энергиясы 2,7%-ға арзандады.
Жылдық есепте қараша айындағы инфляция 12,4% болды.
«Тұтынушылық бағалар индексі, яғни инфляция деңгейі ай сайын есептеледі. Байқау қызметтері мен тауар бағалары бойынша жүргізіледі, барлығы 508 позиция қамтылады», - деп хабарлады Бюро.
