Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмек түрі арзандаған

Сағыныш Сардарова 05 қар. 2025 11:36

Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмек түрі арзандаған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті еліміздің 20 өңірінде дәріге қойылған бағаға мониторинг өткізген. Бес фармакологиялық топ, соның ішінде вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, жүрек-қан тамыры және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуге арналған, көп сұранысқа ие 50 препарат тексерілген.

Биыл қыркүйекте жасалған талдау қорытындылары бойынша маусыммен салыстырғанда, олардың 34% (орта есеппен, 7,8%), ал қазанда 50% бөлігінің (орта есеппен, 11,1%) бағалары төмендегені анықталған.

Әсіресе, мына препараттар арзандаған: Гепар комп. Хеель, Ревмоксикам®️, Цефяпс, ВАЛМАК-Н, Зитмак®️.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар