Freedom Inside '26

Қазақстанда кальянды кез келген түрде жарнамалауға тыйым салынған: прокуратура ескерту жасады

Қазақстанда кальянды кез келген түрде жарнамалауға тыйым салынған: прокуратура ескерту жасады
depositphotos.com

Қазақстанда кальянды кез келген түрде жарнамалауға тыйым салынған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Шымкент прокуратурасы кальян өнімдерін тікелей және жанама жарнамалауға заң бойынша тыйым салынғанын ескертті.

Әлеуметтік желіде кальян бейнеленген суреттерді жариялау, акциялар мен жеңілдіктер туралы ақпарат тарату, сондай-ақ, мәзір мен баннерлер арқылы насихаттау заңбұзушылық ретінде бағалануы мүмкін.

Мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 455-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Құзырлы органдар кәсіп иелеріне осындай материалдарды өшіруді және өз парақшаларындағы жазбаларды бақылауды тапсырды.