Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 2024 жылдың қарашасында жаңа пәтерлердің бағасы 43,2%-ға, ал екінші нарықтағы пәтерлердің құны 50,2%-ға өскен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ranking.kz ақпаратынша, 2024 жылы Қазақстанда тұрғын үй сатып алуға сұраныс айтарлықтай артқан. Қаңтар-қараша айларындағы көрсеткіш бойынша, елде 382,9 мың тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға көп.
Мәмілелердің 85,2 мыңы жеке үйлерге (жылдық өсім – 1,1%), ал 297,7 мыңы көпқабатты үйлердегі пәтерлерге (өсім – 19,8%) қатысты жасалған.
Ең көп сатып алу-сату мәмілелері Алматы мен Астана қалаларында тіркелді. Алматыда – 74,9 мың, ал Астанада – 67 мың. Үздік бестікке Қарағанды облысы (30 мың), Алматы облысы (20,7 мың) және Маңғыстау облысы (19 мың) кірді.
Ең жоғары өсім Батыс Қазақстан облысында (42,3%-ға), Алматыда (27,8%-ға), Шымкентте (24,9%-ға), Алматы облысында (21,5%-ға) және Астанада (20,7%-ға) байқалды.
Тұрғын үйге деген сұраныстың себебі
Қазақстандықтар үйді тұру мақсатында ғана емес, инвестиция ретінде де сатып алады. Ал кейбіреуі екеуін де ұштастырып жатады. Тұрғын үй нарығы елімізде ұзақ мерзімді ең сенімді инвестициялардың бірі болып саналады.
Мысалы, 2020 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың қарашасына дейінгі кезеңде жаңа үйлердің бағасы 43,2%-ға, ал екінші нарықтағы үйлердің құны 50,2%-ға артқан. Алматы, Астана және Шымкент қалаларының мысалында тұрғын үй бағасының ұзақ мерзімде үнемі өсіп отырғанын байқауға болады.
Сапалы құрылыс компаниялары – табысты инвестицияның кепілі
Тұрғын үйге қаржы салуда құрылыс компаниясын дұрыс таңдау – басты факторлардың бірі. Себебі Қазақстанда құжатсыз құрылыс жүргізетін немесе өз міндеттемелерін орындамайтын құрылысшылар әлі де кездеседі.
Еліміздің ең ірі құрылыс компанияларының бірі – 30 жылдық тәжірибесі бар BI Group. Компания сегіз елде инновациялық жобаларды жүзеге асырады. Ол AIX және KASE қор нарықтарында өкілдік етеді, ал оның жұмысы жыл сайын KPMG секілді "үлкен төрттік" аудиторларының тексерісінен өтеді. BI Group – әлемдегі жетекші ENR Top 250 Global Contractors рейтингіне енген жалғыз қазақстандық құрылыс холдингі (173-орын). 30 жыл ішінде холдинг 8,5 млн шаршы метрден астам тұрғын үй және инфрақұрылым нысандарын салған.
Сондай-ақ BAZIS-A, RAMS Qazaqstan және Exclusive Qurylys компаниялары да сенімді құрылысшылар қатарында.
Қазақстандықтар елдегі сенімді құрылыс компаниялары арқылы шетелдегі жылжымайтын мүлікке де қаржы сала алады. Жақында BI Group әлемдегі ең қарқынды дамып жатқан нарықтардың бірі – Дубайда жобаларын іске қосып, жылжымайтын мүлік сатуды бастады. 2024 жылы бұл нарықтың көлемі 115 млрд АҚШ долларына жетеді деп болжануда, ал 2028 жылға қарай ол 170 млрд долларға дейін өсуі мүмкін.
Сондай-ақ BI Group АҚШ нарығына шығып, жергілікті Habitat Group девелоперімен серіктесіп, биыл үш тұрғын үй кешенін – Season One, Parkside және Millux Place жобаларын бастауды жоспарлап отыр.
Осылайша, қазақстандықтар инвестиция үшін жылжымайтын мүлікке қаражат салу арқылы тәуекелдерді барынша азайта отырып, тұрақты табыс табуға мүмкіндік алды.