Қазақстанда ЭЦҚ кілттерін қайта рәсімдеу ережесі өзгерді

Ақтоты Жапатова 26 жел. 2025 11:01

Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін қайта шығару тәртібі күшейтілді. Енді бұл процесс кезінде азаматтың жеке басын міндетті түрде қосымша растау талап етіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мәліметінше, кілттерді қайта шығару кезінде қосымша тексеру екі жолмен жүргізіледі:

  • SMS арқылы – Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірге бір реттік код жіберіліп, оны енгізу арқылы;
  • eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттағы кодты енгізу арқылы.

Айта кету керек, бұл механизм Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды, себебі олардың телефон нөмірі Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасында тіркелмеген.

Қабылданған шара пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін заңсыз қолданудан қорғауға, қауіпсіздікті арттыруға бағытталған және кілттерді қайта шығару процесін сенімдірек етеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар