Бұқтырма су қоймасында Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды. Нысанның ашылуына премьер-министр Олжас Бектенов қатысты. Ұзындығы 1316 метр болатын екі жолақты автомобиль көпірінен тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өте алады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылды. Жоба озық инженерлік технологияларды қолдана отырып және барлық сапа стандартын сақтай отырып жүзеге асырылды.
Үкімет атап өткендей, жоба көлік байланысының көпжылдық проблемасын шешуге бағытталған, көпір алты ауданды: Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсанды байланыстырады.
Бектеновтың айтуынша, көлік қозғалысына көпір қауіпсіз және Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді. Сондай-ақ ол елдің көлік-логистика саласының дамуына оң әсер етеді.
"Жаңа көпір мемлекет басшысының тапсырмасымен тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында салынды. Сіздер білесіздер, аймақта 50 жыл бойы азаматтар жазда пароммен, содан кейін қыста тікелей мұз үстінде жүрді. Бұл көпірді жергілікті тұрғындар көптен күтті", - деп атап өтті Бектенов.