«Жастардың экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру – бүгінгі күннің өткір тақырыптарының бірі. Бұл бағытта, министрлік тарапынан жүйелі жұмыстар легі атқарылып келеді. Биылғы 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында ел бойынша 80 мыңнан астам жастар өкілін қамтыған «Киелі табиғат» республикалық экологиялық жобасы іске асты»,- деді Аида Балаева.
Министр бұл бағытта негізінен ақпараттық-ағарту жұмысына баса назар аударылатындығын баса айтты.
«Алдағы уақытта Экологиялық жастар театры мен арнайы YouTube-арна ашу жоспарда бар», - деді ол.