Қазақстан Үкіметінің қаулысымен екі вице-министр қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады, деп жазады dalanews.kz.
Үкімет қаулысымен Батырбек Қадырбекұлы Әбдішев Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды.
Батырбек Әбдішев бұған дейін 20 жылдан астам арнайы мемлекеттік органдарда, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде қызмет атқарған. 2024 жылдан бері Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін атқарып келген.
Сонымен қатар Үкімет қаулысымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды.
Айдар Әбілдабеков бұл қызметке 2025 жылғы тамызда тағайындалған еді.