Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
2026 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша, есептік аптада бірнеше өнім бойынша бағаның арзандауы тіркелді.
Апта ішінде пияз бағасы 4,3%-ға, сәбіз 2,8%-ға, алма 2,5%-ға, қияр 1,3%-ға, картоп 0,9%-ға төмендеген. Сонымен қатар қант пен тауық еті 0,5%-ға, сүйекті сиыр еті 0,4%-ға арзандаған.
Ал қой еті, тауық жұмыртқасы, сүзбе және қырыққабат бағасы есептік кезеңде өзгеріссіз қалған.
Бағаның төмендеуі маусымдық өнімдердің нарыққа көптеп шығуымен және ішкі нарықтағы ұсыныстың артуымен байланысты болуы мүмкін.