Қазақстанда Бірыңғай қаржылық омбудсмен қызметін құру жоспарланып отыр. Бұл норма Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген “Банктер және банк қызметі туралы” жаңа заң жобасында көзделген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылар банк, сақтандыру немесе микроқаржы ұйымының жауабымен келіспеген жағдайда немесе белгіленген мерзімде жауап алмаған болса, омбудсман қызметіне жүгіне алады. Омбудсмен дауларды қарап, қаржы ұйымдары үшін міндетті түрде орындалуы тиіс шешімдер шығарады. Сонымен қатар тұтынушының сотқа жүгіну құқығы сақталады.
Бірыңғай қызмет қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған банк, сақтандыру және микроқаржы омбудсмандарының тетіктерін біріктіріп, дауларды сотқа дейін реттейтін негізгі институтқаайналады.
Сотқа дейінгі тәртіп банктермен, микроқаржы ұйымдарымен, сақтандыру және брокерлік ұйымдармен, сондай-ақ коллекторлық агенттіктермен туындайтын дауларға қолданылады. Омбудсменге жеке тұлғалар мен шағын бизнес субъектілері өтініш бере алады.
