Freedom Inside '26

Қазақстанда бензин мен дизель қоры қашанға дейін жетеді?

Қазақстанда бензин мен дизель қоры қашанға дейін жетеді?
ашық дереккөз

Қазақстанда негізгі мұнай өнімдері қоры жеткілікті, ал бензин мен дизель отынының резерві 30 күндік тұтыну көлемінен асады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауытында жүргізіліп жатқан жоспарлы жөндеу жұмыстары елдегі жанармай қорына әсер етпейді.

"Қазір бензиннің де, дизель отынының да қоры 30 күннен аса уақытқа жетеді", - деді Асхат Хасенов.

Ол жөндеу жұмыстары алдын ала жоспарланғанын және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай жүргізіліп жатқанын айтты. Компания техникалық жұмыстар басталғанға дейін мұнай өнімдері қорын дайындап қойған.

"Атырау мұнай өңдеу зауытының жеткілікті қоры бар. Қазір ол өнімді өңірлерге де жөнелтіп жатыр. Ешқандай іркіліс жоқ. Елдегі үш мұнай өңдеу зауыты да қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, олардың өңдеу көлемі шамалас", - деді ұлттық компания басшысы.