Ыңғайлы әрі қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыру мақсатында қазақстандық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына жеке мобильді қосымшалар әзірлеуге тыйым салынады. Қосымшаларды енгізу тек eGov және Aitu платформалары арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайдыDalanews.kz. Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған қоса, ыңғайлы әрі қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыру мақсатында барлық мемлекеттік мобильді сервистер кезең- кезеңімен eGov және Aitu экожүйелеріне SuperApp қағидаты бойынша біріктіріледі. Бұл бастама мобильді қосымшалардың бытыраңқылығын жойып, процестерді жеделдетуге және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Аталған және өзге де шешімдер Премьер- Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен цифрлық штаб отырысының қорытындысы бойынша қабылданды.
«Цифрлық штабтың шешімімен мемлекеттік органдарға Astana Hub IT – стартаптар технопаркінің басым қызмет түрлерінің тізіміне мультимедиа, дизайн және ойындарды басып шығару, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, сүйемелдеу және түрлендіру, сондай- ақ киберспорт саласындағы қызметтер секілді танымал бағыттарды қосу тапсырылды. Бұған қоса, тізім Қазақстан резиденті емес тұлғаларға бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бизнес- процестерді аутсоринг негізінде көрсету және ағылшын тілін оқыту қызметтерімен толықтырылды. Қызмет аясын кеңейту Astana Hub-тың жаһандық технологиялық қауымдастықты тарту орталығы ретіндегі орнын күшейтеді»,- деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.