Қазақстанда алғаш рет адамның жүрегіне робот ота жасады

Қазақстанда алғаш рет адамның жүрегіне робот ота жасады
ҚР ПІБ Медициналық орталығы

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында алғаш рет ел тарихында және Орталық Азияда жүрекке роботтандырылған операция жүргізілгені мәлімденді, деп хабарлайды Dalanews.kz  медорталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Операцияны Медициналық орталықтың ауруханасының кардиохирургтары Қытай Халық Республикасынан келген мамандар тобының қатысуымен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жүргізді. Пациент 28 жаста, жүректің туа біткен ақауы— предсердиеаралық перденің кемістігі; операция соңғы буындағы роботтандырылған хирургиялық жүйені пайдалана отырып жасалды. Операция минималды қолжетімділік арқылы, дәстүрлі стернотомиясыз жүргізілді. Пациенттің жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр, — делінген хабарламада.