Астанада 18 жастағы жігіттен ірі көлемдегі есірткі табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, күдіктінің үйіне жүргізілген тінту кезінде гашиш салынған 500-ге жуық орама, сондай-ақ, гашиш майы мен каннабис шайыры тәркіленген.
Тергеу дерегіне сүйенсек, каннабис шайыры балмұздақ шәрбатының бөтелкесінде сақталған.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір келіден асқан.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.