Қазақстан бойынша еңбек инспекторлары жүргізген тексерістердің нәтижесінде 257 кәсіпорында жалақы беруде заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Белгілі болғандай, 3,7 мыңнан астам қызметкер еңбекақысын ұзақ уақыт бойы ала алмаған. Жұмыс берушілердің жалақы бойынша жалпы берешегі 1,4 млрд теңгеден асқан.
Министрліктің мәліметінше, қабылданған шаралардың арқасында 3 437 жұмысшыға еңбекақысы төленді. Сонымен қатар еңбек инспекторлары кәсіпорын басшыларына жалақыны уақытылы өтеу үшін арнайы қатаң кесте бекітіп берген.