Қазақстанда Қытайдың 248 азаматы карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 6 қаңтар - 1 наурыз аралығында Қазақстанға Қытайдан 32 456 адам келген.
Ахметшәріптің айтуынша, 63 адам коронавирусқа тексерілген, бірақ оларда вирус анықталмаған.
Айта кетейік, мұның алдында дене қызуы мен жөтел болғанда қазақстандықтарға жедел жәрдем шақыруға кеңес берілген болатын. "Коронавирус инфекциясының жаппай тарауына байланысты және індеттің алдын алу мақсатында сіздерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - делінген еді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.