Қазақстанда 2 жасар сәби коронавирус жұқтырды

Dalanews 17 нау. 2020 05:33 633

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Алматыда коронавирустың үш жаңа дерегі тіркелгені туралы хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz. 

Бірінші жағдай - 2018 жылғы қыз бала. 13 наурызда Берлин - Минск - Алматы рейсімен келді. Ол балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Екінші жағдай - 1966 жылғы ер адам. Мәскеуден 10 наурызда келді.

Үшінші жағдай, 1965 жылғы ер адам Мәскеуден келген.

Алматыдағыдәл қазіргі уақытта коронавирустың 11 жағдайы тіркелді. Жалпы, 17 наурызда республика бойынша 13 жағдай тіркелді.

 

https://youtu.be/5gifU_h0_t8

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар