Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы өтетін күн белгілі болды

Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы өтетін күн белгілі болды
Ақорда. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақорданың хабарлауынша, жаңа консультативтік органның алғашқы отырысы Астана қаласында өтеді.

Құжатта Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын 2026 жылғы 23-24 қыркүйекте өткізу белгіленген.